ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қазақстандық БАҚ-қа арнап жазған авторлық мақаласы ұсынылды. Мақалада Си Цзиньпин Қазақстанның гүлденуіне бар күш-жігерін аямайтынын, тіпті, Қазақстанның ішкі ісіне араласқандарға қарсы тұратынын жеткізген деп хабарлайды Alash.kz 31-телеарнаға сілтеп.
“Қытай тарапы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, өз бетімен таңдап алған даму жолын ұстануға, мемлекеттің гүлденуіне қажет ішкі және сыртқы саясатын іске асыруға бағытталған күш жігерін қолдаудан айнымайды. Қазақстанның ішкі істеріне киліксе, кімге болса да қарсы тұрады”, – деп мәлімдеді ол.