Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстанда жүрген алапат сел көшкіні бес адамның өмірін қиды

11:16, 29 маусым 2024 820

Алапат лай көшкіні Ош облысы, Ноокат ауданында болған.

Қырғызстанда алапат сел жүрді. Салдарынан бес адамның қаза тапқаны хабарланды. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қырғыстан төтенше жағдайлар министрлігі дағдарысты басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Оторбеков оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 

"Өзен жағасындағы Әбшыр-Ата ауданында 6 адам сәкіде демалып жатқан. Тосыннан сел жүріп, барлығын кеткен. Полицейлер мен жергілікті тұрғындар бес адамның мәйітін тауып алғандарын айтты", – делінген хабарламада.

Қазір төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері сел салдарын жою, қаза болғандар мен зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар