Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚазҰУ – ынтымақтастық мекені

01:04, 19 қазан 2023 224
Бүгінде 24 мыңнан астам студент білім алып жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - әлемдегі озық оқу ордаларының қатарында. Қарашаңырақ ғылым мен білімді дамыту жолында интернационалдандыру бағытын негізге алып отыр. Яғни осы күнге дейін 500-ден астам шетелдік ЖОО-мен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнатты. Сондай-ақ, басқа елден келген студенттерге де құшағын айқара ашып, олардың сапалы білім алуына септігін тигізуде. Өзара ынтымақтастық келісімдерінің арқасында университетте оқып жатқан қазақстандық студенттер де шетелде тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмаса алады. Білікті ұстаздар, профессорлар Венгрия, Франция, Германия, АҚШ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия сынды елдердің жоғары оқу орындарында дәріс оқып жүр.

ҚазҰУ жас ғалымдарды тәрбиелеу, олардың ғылыммен айналысу мүмкіндігін арттыру ісінде де көш басында. Мысалы университет қабырғасында Қазақстан мен шетелдерде ғылыми жетістікке жеткен, 40 жасқа толмаған 300-дей жас ғалым жұмыс істейді. Оларға грант тағайындау аясында түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Университет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Түркияның Ыстамбұл қаласынан және Қырғыз Республикасының Бішкек қаласынан екі филиалын ашты.

Ал былтыр, Үкімет қаулысына сәйкес, ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді. Әлемдегі ең үздік 150 университет қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз білім ордасы. Осындай зор жетістіктер мен мүмкіндіктер мекеніне айналған оқу ордасында білім алу - кез келген мектеп бітіруші түлектің арманы. Осы себептен де жыл сайын университетте студенттер саны арта түсуде. Грант саны бойынша да ҚазҰУ еліміздегі ЖОО-лар арасында да оқ бойы озық тұр.

Атаханова Гульзагира Махатовна

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті,Қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика Кафедрасының профессоры.

Заң факультетінің студенті:Нұрдаулет Шапағат Нұржанқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар