Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚазҰУ қыздарының "пәктігі" туралы құжат тарап кетті

15:31, 14 ақпан 2024 382
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студент қыздардың жеке деректері тарап кеткен. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін WhatsApp желісінде аталмыш университеттің студент қыздарының аты-жөндерімен бірге ЖСН, ұялы нөмірлері және медициналық мәліметтері тарап кеткен болатын. Мұнда қыздардың пәктігі туралы ақпараттар да көрсетілген.

Осы тұста Саясат Нұрбек бұл оқиғаға қатысты өз пікірін білдіре отырып, жеке және медициналық сипаттағы деректерді беру заң бұзушылық екенін атап өтті.
"Бұл тікелей заң бұзушылық. Сондықтан мәселе бақылауға алынды. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәселе болып отыр", - деді Саясат Нұрбек кулуарда.

Министрдің пікірінше, бұл жеке деректерге салғырттық танытқаннан туындап отыр.

"Мәселені заңмен қатаңырақ реттеу керек. Жалпы, бұл мәдени мәселе. Университетте мұндай фактілердің бар екені қынжылтады. Жеке деректер өте құпия ақпарат болып табылады", - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар