Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазпошта арқылы 400 грамға жуық есірткі тасымақ болған» - Ақтаудағы сұмдық қылмыс жайында ел естімеген ақпарат шықты

18:31, 30 желтоқсан 2025

Ақтауда пошта арқылы келген ірі көлемдегі есірткіні алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақтау қаласындағы «Қазпошта» бөлімшелерінің бірінде құрамында есірткі заты бар пошта сәлемдемесін алған екі азамат қолға түсті. Тәртіп сақшыларының көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбаған күдіктілер оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Қуғын барысында олар қылмыстық айғақ болып табылатын сәлемдемені көліктен лақтырып жіберген. Алайда күдіктілер мінген автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырап, қашуға тырысқан азаматтар полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Тиісті сараптама нәтижесінде лақтырылған қораптың ішінде жалпы салмағы 400 грамға жуық «героин» есірткі заты болғаны ресми түрде анықталды. Сонымен қатар, медициналық куәландыру қорытындысы ұсталғандардың қанынан есірткі заттарын тапты. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Көлікті есірткіге мас күйінде басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралы айып тұрағына қойылды. Екі азамат та есірткіні заңсыз тұтынғаны үшін арнайы қабылдау орнына қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар