Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақтар біздің әскердің жартысын қырып салды": Талибан командирінің "Қара майор" батальоны туралы шындығы

16:20, 09 мамыр 2025 738

АҚШ-та The Dallas Morning News басылымында өте жақсы мақала жарық көріпті. Қандағарды кезекті бір бомбалаудан кейін, американдықтар талибан әскерінің дала командирін тұтқындайды. Тергеу барысында 70 жастағы ауғандық Абдулла қызықты оқиғаны айтып береді, деп жазады Alash.KZ.

— Нағыз шайқас Кеңестермен болған еді. Бұл нағыз жауынгерлермен болған нағыз шайқас еді. Бәрі ер азаматтарға тән шынайы болатын. Сендермен, американдықтармен, бізде көп мәселе болды, бірақ сендер қорқақ едіңдер, сол қалпы қорқақ болып қалдыңдар. Ешқашан өмірлеріңді тәуекелге салмадыңдар. Мені де дәл сол қорқақтықпен тұтқындадыңдар. Ауылға жүз снаряд жаудырып, айналадағы барлық бейбіт тұрғындарды қырып тастадыңдар.

Кеңестер егеуқұйрықтарша тығылып соғыспайтын. Шах Масуд бізге Панджшер шатқалын бақылау үшін биіктікті алуды бұйырды. Сол биікте Кеңес сарбаздары бекініп алыпты. Бірнеше ай бойы шабуылдай алмадық. Тұтас әскер жинадық. Кеңестердің қарсылығын басу үшін бес күн қажет болды. Оның өзінде, тек оқ-дәрілері таусылғандықтан ғана.

Біз ол биіктікке өте қымбат баға төлеп шықтық. Біздің тараптан 280-нен астам сарбаз қаза тапты... Өте ашулы едік. Ақыры биіктікке жетіп бардық. Жоғарыға көтеріліп қарасақ, бізге қарсы шайқасқан — бар болғаны БЕС 18 жастағы БАЛА екен. Сендер, американдықтар, мұндай көріністі елестете де алмайсыңдар. Бесеуі — Шах Масудтың армиясына қарсы!

Оларға дұға етуге мүмкіндік бердік. Олар біздің өздерін өлтіретінімізді білді.

Сендер, білесіңдер ме, сол кеңестік балалар не істеді?

Олар үнсіз бізге қарап тұрды да, барлығы қол ұстасып, құшақтасты. Олар қалай өлетінін ойлаған жоқ. Олар аш, кір-кір күйінде бір-бірін құшақтап, өлімін күтіп тұрды...

Біз үнсіз қалдық... Бұл көрініс ең қатал, бәрін көрген сарбаздарды да таңғалдырарлық еді. Кейіннен біз олардың азиялықтар екенін білдік (кейіннен білдік — олар қазақтар екен).

Қазақтар біздің әскердің жартысын қырып салды. Біз не істерімізді білмей қалдық. Біз үшін бұлар — Ұлы жауынгерлер еді. Оларда намыс бар еді. Олар өмірлерін сақтап қалу үшін жалынып сұрамады.

Менің немерелерім Германияда оқиды. Бірақ мен олардың дәл сол қазақтар сияқты нағыз ер-азамат болып өскенін қалар едім.

Сол қазақтарды біз босатып жібердік. Командирлер тарапынан наразылық болды, бірақ бұйрық талқыланбайды. Біз оларды тыныш босатып жібердік.

Ал сендер не дейсіңдер?

Қазақтар қол ұстасып, бір-бірін құшақтап, ешқайсысы артына бұрылып қараған жоқ. Біз оларды арқасынан атып тастаймыз ба деп ойламады да. Бұл — нағыз еркектердің қылығы еді.

Бұл туралы айту керек!
Мұндай ерлік тек Алланың көмегімен жасалады!..

Панджшер шатқалында Шах Масудқа қарсы тұрған — аңызға айналған Қара Майор Бақытжан Керімбаевтың батальоны еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар