Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның төрт боксшысы U19 әлем чемпионатының финалына шықты

22:00, 26 қазан 2026

Черногорияның Будва қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, турнир аясында жартылай финал жекпе-жектері аяқталды. Оның қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы ақтық сынға шықты.

Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Ал Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, финал 27 қазан күні, Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар