Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға Тәжікстаннан 3500 тонна гуманитарлық көмек жетті

16:58, 20 сәуір 2024 473

2024 жылғы 20 сәуір күні Тәжікстан Республикасынан су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына 61 вагон гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме көрсете отырып. 

Аталған жүк Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» темір жол станциясына келіп жетті. Сонымен бірге Тәжікстаннан 15 жүк көлігіне тиелген көмек те елімізге жеткізілді. Тәжікстаннан жалпы 3500 тонна гуманитарлық көмек қабылданды.Гуманитарлық көмекті Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, милиция генерал - полковнигі Рустам Назарзода бастап келді. Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық ресурстар агенттігі директорының орынбасары Сохиб Зиёдуллоев гуманитарлық көмек туралы құжатты салтанатты түрде тапсырды.

– Қазақстандағы қиын жағдай біздің де жанымызға батты. Бейжай қарап отыра алмадық. Біздің елімізде күрделі мәселе туындаса, ең көп көмек жолдайтын ел – Қазақстан. Сондықтан Тәжікстан Республикасының Президентінің шешімімен осы гуманитарлық керуенді жеткізіп отырмыз. Біз стратегиялық серіктес елдер ретінде бір-бірімізді қолдап тұруымыз керек, – деді Рустам Назарзода.

Делегацияны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған облыс тұрғындары күтіп алды.

Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік этносының өкілдері, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар да қатысты. Гуманитарлық көмекті бастап келген Тәжікстан Республикасының өкілдеріне құрмет көрсетілді. Құрылыс материалдары мен азық-түлік тиелген гуманитарлық керуен су басқан аймақтарға жіберіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар