Қазақстандық балуандар 19–26 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында U17 және U23 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті.
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен мәлім еткеніндей, жалпы медальдық есепте қазақстандық құрамалар күрестің үш стилі бойынша 13 алтын, 12 күміс, 13 қола, барлығы 38 жүлде жеңіп алды.