Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық стартапшы әйелдер IT-өнімдерін шетелге экспорттап жатыр

14:08, 07 наурыз 2024 334

Бүгінгі таңда Astana Hub-та тіркелген компаниялардың 250-ге жуығын әйелдер басқарады, соның ішінде 25 пайызы өз қызметтерін шетелге шығарып үлгерген.

Жуырда Web Summit Qatar 2024 әлемдік конференциясында ұсынылған Astana Hub стартаптарының арасында Яна Тен басқаратын ZebraEye жобасы шетелдік инвесторлардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар ол веб-саммитте «Офтальмологиядағы жасанды интеллект» тақырыбында сөз сөйлеген алғашқы қазақстандық спикер болды. ZebraEye – сирек кездесетін көз ауруларын 1 минут ішінде 95% дәлдікпен диагностикалауға арналған AI-мен жұмыс істейтін бірегей бағдарламалық құрал.

«Біздің компания Таяу Шығыс нарығына бағыт алдыжобамызға әсіресе мемлекеттік органдар қызығушылық танытып жатыр. Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сауд Арабиясы ерекше назар аударып отыр. Катарда бірнеше инвестор, соның ішінде 1 миллиард долларды басқаратын Doha Venture Capital деген ірі венчурлық қор біздің жобаны қарастырып жатырЖәне жергілікті инвесторларды ZebraEye-мен танысуға бағыттап, нарыққа шығуға жан-жақты көмек көрсетіп жатқан Катар ғылыми-технологиялық паркі де бар. Бұл аймақ бізге үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деген ойдамыз», - деді ZebraEye негізін тең қалаушы және бас директоры Яна Тен.

Әйелдер кәсіпкерлігінің тағы бір жарқын мысалы - Лаура Вайгорова. Оның AI-мен жұмыс істейтін Smartestprep стартапы дербес дайындық қызметтерін, сонымен қатар студенттерді, орта мектептерді және университеттерді бір платформада байланыстыратын білім беру бағдарламалары мен шәкіртақылардың толық дерекқорын ұсынады. STP Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да ТМД елдерінен келген студенттерге университеттерден 4500-ден астам шақыру алуға және 22 түрлі елде стипендиялар мен гранттар бойынша оқу түсуге көмектесті. 2022 жылы Smartestprep бүкіл әлем бойынша ең жылдам дамып келе жатқан EdTech стартаптарын айқындайтын ASU GSV Elite 200 тізіміне енді. Компания $10 млн-ға бағаланып, $230 мыңнан астам инвестиция тартты.

Және, әрине, біздің еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның экожүйесі үшін мақтанышқа айналған оқиға - Яна Шойбекова жетекшілік ететін команданың жетістігі. 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан шыққан технологиялық стартап алғаш рет АҚШ инвесторынан қомақты қаржы тартты. Baidu, Tesla, Skype, SpaceX, Twitch, Hotmail, Focus Media, Robinhood сияқты жобаларға инвестиция салған америкалық венчурлық капиталист Тим ​​Дрейпер қазақстандық Citix компаниясына $1 млн астам инвестиция құйды.

Citix - blockchain технологиясын қолдана отырып, өз бағдарламалық құралымен басқарылатын смарт көше гаджеттерін - смарт тақталарды әзірлеуге маманданған smart city және adTech саласындағы инноватор. Компания Алматы мен Астанада 130-дан астам смарт тақталар желісін орналастырды. 2022 жылы олар түрік нарығына сәтті шықты, ал 2023 жылы Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (MENA) аймағында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Бұл жетістікке команданың белсенді жұмысының, қазіргі акционерлер мен инвесторлардың, ЦДИАӨМ, Astana Hub және Draper University үлкен қолдауының арқасында қол жеткіздік. Тимнің инвестициясы - біздің жобаға берілген сенім несиесі. Citix-ке салынған инвестициядан кейін Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа IT-жобаларға қызығушылық артып, технологияларды дамыту мен экспорттау, сонымен бірге экономикалық өсу үрдісі ұлғая түсетініне сенемін», - деп атап өтті Citix негізін тең қалаушы және бас директоры Яна Шойбекова.

Биыл Astana Hub ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және Techno Women ұйымымен бірлесіп, Tech Girls бағдарламасын іске қосты. Осы жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 3 мың қыз-келіншек ІТ саласы бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады.

«Әйелдер жасаған табысты жобалардың артуы көпшілікке шабыт сыйлары сөзсіз. Біз IT-бизнес пен стартаптар үшін қолайлы экожүйені құрып қана қоймай, сонымен қатар білікті IT-мамандар дайындауға ат салысамыз. Бүгінгі таңда әйелдердің ІТ-саланы меңгеруге деген қызығушылығы айтарлықтай артып келеді. Технопаркте ҚР ЦДИАӨМ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Tech Orda аясында 6 мыңнан астам студентке грант бөлінді, соның 40 пайызын әйелдер алған. Сондай-ақ 4 мыңнан астам қазақстандық арулар Tech Girls бағдарламасына қатысуға өтініш білдірсе, IT Aiel бағдарламасының түлектері белсенді түрде өз жобаларын жасап жатыр. Бұл біздің әйелдер кәсіпкерлігі мен білімін дамыту бағытындағы күш-жігеріміздің оң нәтижесі деп білеміз», - деді Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.

Еске салсақ, 2023 жылы IT-Aiel бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам жұмыссыз әйел No Code School, Freelance School курстарында тегін білім алып, сонымен қатар компьютерлік сауаттылықтың негізгі дағдыларын меңгерді. Әйелдердің ақпараттық технологиялар саласында карьера жасауға деген ұмтылысын қолдайтын IT-Aiel бағдарламасы биыл да жүзеге асады деген жоспар бар.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?