Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық құзға өрмелеуші Олимпиада рекордын жаңартты

16:37, 06 тамыз 2024 1273

Әмір Маймұратов Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Құзға өрмелеу спортынан Париж Олимпиадасында сынға түскен қазақстандық спортшы 4,89 уақыт көрсеткішімен жаңа Олимпиада рекордын жаңартты.

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Әмір Маймұратов ел рекордын орнатып, олимпиадалық квотаны еншілеген болатын бұған дейін. Парижде ол «жылдамдық» дисциплинасы бойынша сынға түсуде.

Әмір осы бағдарлама бойынша Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының жалғыз спортшысы екенін айта кетейік.

Спортшы бұған дейінгі сұхбаттарында:

Мен 2015 жылдан бері  жаттығуларда әлем рекордтарын жаңарта бастадым. Менің ең басты қателігім де сол еді. Әлемдік рекордтарды жаңартуға көп күш салып кеттім. Осы ойдан қалай арылдым, нәтижелерім де солай биіктей бастады. Бұған дейінгі ел рекордын да мен орнатқан едім, оны үнемі жаңартып отырамын, деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?