Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда 500-ден астам мұғалімнің жеке деректері интернетке тарап кеткен

12:05, 03 қазан 2026

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы жеті білім беру ұйымында қызметкерлердің жеке деректері мемлекеттік сатып алу порталындағы ашық құжаттарға енгізілген. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Заңбұзушылықты прокурорлар анықтаған. Олардың араласуынан кейін жеке мәліметтер порталдан өшірілді.

Деректердің заңсыз жариялануына жол берген білім беру ұйымдарының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар