Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан туы алғаш рет бүкіл стадионды айналып өтті

17:34, 11 қазан 2025 69

Астанада Qyrandary.kz қозғалысы ұлттық құраманы ерекше түрде қолдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Лихтенштейнге қарсы өткен ойында Qyrandary.kz қозғалысының мүшелері мен астаналық жанкүйерлер ұлттық құраманы ерекше форматта қолдады.

Еліміздің футбол тарихында алғаш рет Қазақстанның көк туы қырандардың және белсенді жанкүйерлердің күшімен бүкіл стадионды айналып өтті.

Бұл көрініс — ел рухының, бірліктің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісіне айналды.

Жігіттер мұндай қуатты қолдауға лайық жауап беріп, қарсыласын 4:0 есебімен сенімді жеңді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар