Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан тарихында тұңғыш рет»: Сүйінші! Бибісара Асаубаева үш дүркін әлем чемпионы атанды

09:36, 31 желтоқсан 2025

Катар астанасы Доха қаласында өткен әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева айтулы жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Отандық шахматшы турнир барысында жоғары дайындығы мен шеберлігін көрсетіп, жарыс жолында қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады.

Тартысқа толы өткен шешуші кезеңде 21 жастағы спортшы украиналық тәжірибелі шахматшы Анна Музычукты ұтып, турнир кестесінде жеке дара көш бастады. Осы табысының арқасында Бибісара Асаубаева Қазақстанның шахмат тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атағын иеленген спортшы ретінде рекорд орнатты.

Бибісара Асаубаева блицтен үш мәрте әлемдік титулды жеңіп алған Қазақстанның тұңғыш шахматшысы ретінде тарихқа енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының бұл ерен табысын жоғары бағалап, оны II дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойып, әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады:

 

– Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді. 

Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады. 

Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар