Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма?" - ғалым шындықты жайып салды

19:27, 22 қаңтар 2026

Қазақ тарихын АҚШ-та зерттеп жүрген тарихшы Ян Кэмпбелл «Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды» деген пікірге қатысты көзқарасын білдірді, деп жазады Alash.KZ.

Ян Кэмпбелл — Калифорния университетінің (Дэвис қаласы) тарих профессоры. Ол соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойы Ресей империясының Қазақстан аумағындағы отарлау саясатын зерттеп келеді.

Ғалым «Цукербергтің көршілері» подкастында Қазақстанның Ресейге «өз еркімен қосылғаны» жөніндегі тұжырымның қаншалықты шындыққа сай екенін түсіндірді.

Подкаст барысында журналист Ақсәуле Әлжан тарихшыға былай деп сұрақ қойды:
«Мектепте бізге Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды" деп үйретті. "Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Ресей императрицасы ІІ Екатеринадан қорған болуын сұрады" деп оқыдық. Бұл көзқарас миф пе?» деп сұрайды.

Ян Кэмпбеллдің айтуынша, мұндай тұжырымдарда асыра айту бар.

Оның сөзінше, бұл көзқарас сол кезеңдегі оқиғалардың мәні мен салмағын толық ашып көрсетпейді. Бұл тек Әбілқайыр ханның жағдайына ғана емес, жалпы Ресей империясының кеңею тарихына тән құбылыс.

Тарихшының айтуынша, Ресей оңтүстік пен шығысқа қарай кеңейе отырып, даладағы түрлі саяси күштермен келісімдер жасады. Ол қазақ хандығы немесе қалмақтармен болған келіссөздер болуы мүмкін. Ал жергілікті билеушілер бұл құжаттарды екі тәуелсіз мемлекет арасындағы өзара көмек пен қорғаныс жөніндегі келісім деп түсінген.

Ал Ресей тарапы мұндай келісімдерді «одақтастық» емес, «қол астына өту» ретінде қабылдаған. Осылайша, тараптар арасында бастапқы кезеңде түсініспеушіліктер орын алған, дейді Ян Кэмпбелл.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар