"Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды". Ақорданың ресми телеграм арнасы Қазақстан президентінің осындай мәлімдемесін таратты.
"Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты" деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды» - Қ.Тоқаев
04:07, 23 наурыз 2024
Соңғы жаңалықтар
Тарихи нәтиже: Құрманбек Ақжол екі алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты
20:00, 12 тамыз 2026
Оқу-ағарту министрі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына арналған кеңес өткізді
14:40, 12 тамыз 2026
“Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ“ - Алматыда жер сілкінді
13:15, 12 тамыз 2026