Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан бокс федерациясының жаңа басшысы сайланды

05 ақпан 2024 195
Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының дәстүрлі жиыны өтті, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
Жиын барысында федерацияның жаңа президенті қызметіне Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол Кеңес Рақышевтің орнын алмастырды.

Отырыста өткен жылдың нәтижесі қорытындыланып, ерлер және әйелдер командасы бас бапкерлерінің есебі тыңдалды. Артынша ҚБФ жаңа басшысын сайланды.

Шахмұрат Мүтәліп ортақ мақсатқа жету жолында өзінің бар күшін салатынын атап өтті.
Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ рөлін еліміздің ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын. Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажет барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз, - деді Қазақстан бокс федерациясының жаңа президенті.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?