«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС шарттық-наразылық бөлімінің бастығы ұсталды. Ол Қарағанды облысында қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС заң қызметі департаменті Орталық өңірдің заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Мақсұтұлы Жұмабаев ұсталды. Қазіргі уақытта А. М. Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Күдікті 13 наурыз күні ұсталды, оны «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді.