Атырау облысында төтенше жағдай жарияланғаннан кейін авиабилеттерінің бағасы бірден аспанға ұшты, деп хабарлайды Alash.kz.
Құлсары қаласының тең жартысы су тасқынынан зардап шеккеннен кейін, Атырау облысының тұрғындары да қорқып отыр. Әкімдік бүгін төтенше жағдай жариялап, халыққа үндеу жасады.
Халық Құлсарының күйін кешпеу мақсатында алдын-ала әр өңірге билет бағасын қарап қамданып отырғандарын айтты. Атырау-Ақтау бағытындағы ұшақ билетінің бағасы 209249 теңге болып тұрғанын көріп, ашуланғандарын әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр.
Авиакомпанияның бағаны күрт өсіріп жіберуі бірінші рет емес. Елде қандай төтенше жағдай болса, міндетті түрде ұшақ бағасы шарықтайды.