Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бүгін Президенттің қабылдауында болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы чемпион өз парақшасында жариялады.
Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Спорт жолы оңай емес. Бізге әрқашан қолдау білдіріп келген ең алдымен халқыма және Мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіремін. Жанымнан табылған отбасыма, жаттықтырушыма мың алғыс,- деді Елдос Сметов.
Сондай-ақ ол 4 жылдан кейін қайта оралатын әлем олимпиадасында бақ сынайтынын еске салды.
“Қазақ елі жасасын! Көк туымыз биікте желбіресін! Лос-Анджелесте кездескенше!”,- деп жазды ол.