17 жыл бойы аға-жеңгесінің қорлығында болған Құндыз бен Назгүлді қазіргі қамқоршысы Зүлфия Төленовадан белгілі журналист Руслан Өтепбай арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырды, деп хабарлайды Alash.kz.
Құндыздың аяқ-қолы матаулы суреті желіде тараған соң халық арасында шу шықты. Артынша, журналист Руслан Өтепбай Таразға өзі барып, мәселелегк араласты.
Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Алдағы уақытта қыздар осы жерде болады. Кейін олардың жағдайына сай тағы да жайлы, тұрақты орын қарастырамыз.
Қыздардың тағдырына алаңдап, уайым білдіріп жатқан барша қазақ еліне үлкен рақмет.
Қазір әлеуметтік желілерде Құндыздың маған қатысты айтқан балағат сөздері таралып жатыр. Оған мән бермеулеріңізді сұраймын. Бұл видеоны түсіріп, таратқан адамның мақсаты - психологиялық тұрғыда әлсіз, аурушаң қызды пайдаланып, ел алдында жаманатты ету. Сондықтан артық арандатуға ермейік.
Құндыздың еркелігін көтере алмасам, несіне аға боп жүрмін.