Бішкекте мектеп оқушылары қоқыс контейнерінен нәресте тапты, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы 24.kg басылымына Ленин ауданы ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 28 қаңтарда Интергельпо көшесінде болған.
«Бала пакетке оралған күйі қоқыс контейнеріне тасталған. Қазіргі уақытта нәресте ауруханада жатыр», – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары нәрестенің анасын анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, табылған бала – қыз.
Дәрігерлер оның шала туылғанын және қатты тоңып қалғанын анықтады. Қазіргі уақытта сәби қалалық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.