Үндістанда жарнама тақтасы 14 адамның өмірін қиды, деп хабпрлайды Alash.kz.
Мумбайда қатты желдің салдарынан алып жарнама тақтасы құлады. Соңғы мәліметтер бойынша, тақта астында 14 адам қаза тауып, 70-тен астам адам жарақат алған, деп жазады жергілікті БАҚ.
Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр, сегіз адамның мәйіті шығарылды. Қалғандарын әзірге оларды үйінді астынан шығару мүмкін емес.
Төтенше жағдай ауа райының қолайсыздығынан орын алған. Дүйсенбі күні Мумбайдың кейбір аудандарында қатты жаңбыр мен жел соқты. Құлаған тақта биіктігі 30 метрдей. Ол бұл орынға рұқсатсыз орнатылғаны белгілі болды.