Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қатаң шаралар қолданамыз!» - Трамп Иранның ядролық бағдарламасы туралы әлем күтпеген мәлімдеме жасады

16:24, 30 желтоқсан 2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасы мен зымыран жасау жобаларына қатысты ұстанымын қатайтып, Тегеранға әскери соққы жасау мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Мар-а-Лаго резиденциясында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен өткен кездесу барысында Ақ үй басшысы қажет болған жағдайда Вашингтонның жағдайға дереу араласуға дайын екенін мәлімдеп:

«Біз мұны дереу жүзеге асырамыз», - деп қадап айтты. 

Трамптың пайымдауынша, Иран қарулануды тоқтатпаған жағдайда, АҚШ тарапынан қабылданатын шаралар бұрынғыдан да қатаң болмақ.

Бұл мәлімдемеге Тегеран тарапынан жедел жауап берілді. Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің кеңесшісі елдің қорғаныс қабілеті мен зымыран арсеналын ешкім шектей алмайтынын атап өтті. Сондай-ақ Иран өкілдері:

«Кез келген агрессияға жоспарлаушылардың қиялына сыймайтын ауқымда, қатаң жауап қайтарылады», - деп ескертті.

Маусым айындағы Израиль мен АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарды бомбалауынан кейін орнаған уақытша бітімге қарамастан, өңірдегі шиеленістің әлі де сақталып отыр. Израиль барлау қызметінің мәліметтері Тегеранның әскери әлеуетін қайта қалпына келтіруге талпынып жатқанын көрсетуде.

Сонымен қатар АҚШ әкімшілігі ХАМАС ұйымына да қысымды күшейте түсті. Президент Трамп аталған ұйымның қысқа мерзім ішінде қаруын тапсыруы тиіс екенін, әйтпесе бұл топ үшін жағдайдың «шынымен де өте қиын» болатынын мәлімдеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар