Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

14:54, 21 қыркүйек 2026

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Ваагн Хачатурян мен Премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады. 

Мемлекет басшысы армян халқының ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы абырой-беделін паш ететін бұл айтулы күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

– Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. Қазақстанның Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын, – деп жазылған жеделхатта. 

Президент Армения елі басшыларына мемлекеттік қызметте толайым табыс, ал достас армян халқына бақ-береке тіледі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар