Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Танымал спорт комментаторы пойыз астында қалып, қайтыс болды (ФОТО)

21:54, 05 тамыз 2025 900

Мәнерлеп сырғанау спортын насихаттап жүрген танымал комментатор өмірден өтті. 5 тамыз күні ресейлік спорт комментаторы Александр Гришиннің қыршыннан кеткені туралы қаралы хабар тарады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
1bol.kz сайтының хабарлауынша, Александр өз мансабында тек мәнерлеп сырғанауды ғана емес, түрлі спорт түрлерін жүргізді. Алайда соңғы он жылда дәл осы спортпен оның дауысы ажырамас байланыста қабылданатын болды. Әріптестері мен достары оны «мәнерлеп сырғанаудың дауысы» деп атайтын.

Комментатордың жұбайы Анастасия Гришинаның айтуынша, Александр 4-нен 5-не қараған түні қатты жаңбыр кезінде теміржол платформасында болған қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған. «РИА Новости Спорт» басылымына Татьяна Тарасова хабарлағандай, танымал комментаторды электр пойызы қағып кеткен.

Александр Гришин 2018 жылдан бері Ресейдің Бірінші арнасында қызмет етіп, мәнерлеп сырғанау, футбол және өзге де спорт түрлерінен ірі жарыстарды кәсіби деңгейде жүргізіп келді.

  • Ол бес Олимпиада ойындары,
  • Футболдан әлем және Еуропа чемпионаттарының матчтарын
  • тікелей эфирде көрерменге жеткізген білікті комментатор ретінде танылды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар