Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Белгілі жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті

11:06, 22 сәуір 2025 173

Белгілі жазушы, драматург, Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази дүниеден өтті. Қаралы хабарды Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Қазақ әдебиеті мен өнері орны толмас ауыр қайғыға ұшырады. Бүгін көрнекті жазушы, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Франц Кафка медалінің иегері, профессор Әкім Үртайұлы Таразидің дүниеден өткенін күйзеле отырып хабарлаймыз.

Әкім Тарази – қазақ әдебиеті, киносы мен драматургиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның қаламынан туған туындылар қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алды. Тарихи, философиялық, әлеуметтік тақырыптарды терең қозғаған шығармалары бірнеше буын оқырманның рухани жан азығына айналды.

Қазақ әдебиеті, мәдениеті мен өнері жолындағы еңбегі мәңгі есте сақталады. К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымының атынан, отбасы мен туған-туыстарының, шәкірттері мен оқырмандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, – делінген жазбада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Рим Папасы қайтыс болды

13:37, 21 сәуір 2025 279