ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданындағы тасжолдардың бірінде қар көшкіні жүру қаупі артты, деп хабарлайды Alash.kz.
— Соған байланысты жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында 8 наурыз сағат 08.00-ге дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Көлік жүргізушілерін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген ақпаратта.
Осыған дейін өңір құтқарушылары таулы жерлерде қар көшкіні түсуі қаупі жоғары екендігін ескерткен. Бұған күннің күрт жылытып, қардың жылдам ери бастауы себеп болып отыр.