Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар қырғыны: Полиция Талдықорғанда 27 адамды азаптаған

08:24, 09 тамыз 2022 250
Қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы жазды.

"Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері.
2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын" деді Бас прокуратура.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар