Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандар қатарында Өзбекстан, Ресей, ҚХР азаматтары бар

05:17, 08 ақпан 2022 263
Алматыдағы тергеу изоляторында қаңтар оқиғасына қатысқан 300-ге жуық тұтқын жатыр. Қылмыс жасап, сот санкциясымен қамауға алынғандардың арасында төрт елдің азаматтары да бар, деп хабарлайды Alash.kz порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Алматыдағы тергеу түрмесінің сыйымдылығы 1360 адамға арналған. Алайда ол жерде қазіргі таңда 1416 тұтқын жатыр. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тұтқындар саны көбейгендіктен адам құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйым өкілдерінің де келуі жиілеген. Себебі, ел көлемінде тұтқындарды азаптау қоғамның наразылығын тудырған еді. Қамаудағы азаматтардың ахуалымен танысу үшін ЛА-155/18 мекемесін Парламент Мәжілісінің депутаттары да аралауға кірісті. Оқиғадан соң бір ай уақыт өткенде тергеу изоляторына келген депутаттар 11 тұтқынды қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады.


«ҚР Парламент Мәжілісінің және Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, адвокаттар мен ардагерлер келіп, ұсталғандардың жағдайымен танысты. Тергеу изоляторына келген депутаттар мен адвокаттарға Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н. Ауғанбаев пен Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Д. Қанатбеков ЛА-155/18 мекеменің қызметін ұйымдастыру және қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандарды тергеп-тексеру тәртібі жайлы ақпарат берді. Мәжіліс депутаттары тергеу изоляторындағы тексеруден кейін қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 11 күдіктіні жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Ұсталғандарды жеке қабылдау кезінде мекемедегі ұстау жағдайларына, оның ішінде азаптауларға қатысты шағымдар болған жоқ», – деді ЛА-155/18 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ә. Жұмадиев.

Жұмадиевтің сөзінше, тергеу изоляторына келетін тергеушілер де, адам құқығын сақтайтын түрлі ұйымдардың өкілдері де көбейген. ЛА-155/18 мекемесіндегі күдіктілердің жағдайы Қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерінің де назарында. Ол жердегі қызметкерлердің міндеті, келушілер мен күдіктілердің қауіпсіздігін қамтамасызу ету. Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры да ұсталғандардың ойын тыңдаған. Тергеу изоляторына жеткізілгендердің арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім де бар. Одан бөлек тергеу изоляторының медицина-санитарлық бөлімінде қаңтар қақтығысы кезінде жараланған күдіктілерде ем алып жатыр.


«Барлығы 1416 адам қамауда, толтыру лимиті – 1360, қаңтар оқиғасына байланысты барлығы – 375 адам, сот санкцияларының ауыстырылуына байланысты 88 адам босатылды. Тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін мекемеде 287 адам қамауда жатыр. Олардың ішінде: ерлер – 280, әйелдер – 6, кәмелетке толмағандар – 1.

Шетел азаматтары: ҚХР – 1, РФ – 2, Өзбекстан – 8, Тәжікстан – 1. Медициналық бөлімшеде – 13 адам, ал қайтыс болғандар жоқ», – деді Алматы қаласы және Алматы облысы  бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбілова.

«Аманат» қорының өкілдері мен құрамында белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлерден құралған тәуелсіз комиссия мүшелері қаңтардағы қақтығыс кезінде қамауға алынған күдіктілерге жан-жақты құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Бас прокуратураның мәліметінше, қолға түскендердің арасында тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі де бар.
«Қазір қамауға алынғандар арасында тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі бар. Алматыда деструктивті діни ағымның қылмыстық бағыттағы бір топ мүшесі ұсталды. Ұстау кезінде қолдануға дайын атыс қаруы табылды. Олар өз әрекеттерін жақсылап жоспарлаған. Бір бөлігі қаланың төменгі бөлігіндегі баррикадаларда, ал екіншісі алаңда болған», – деді Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар