Астанада ер адам бұрынғы қызына шабуыл жасап, пышақтап өлтіріп кетті. Бұл туралы «Криминальный Казахстан» Telegram каналы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға кеше 21 маусым 20:30 шамасында «Millennium Park» тұрғын үй кешенінде болған. Көршілердің айтуынша, қыз пәтердің ішінде бірнеше пышақ жарақатымен табылған. Оқиға алдында пәтерден айқай-шу естіген.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті марқұмның бұрынғы жігіті болып шықты.
Қанды оқиғадан кейін күдікті көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасап, марқұмның кәмелетке толмаған інісін жаралаған.
Жасөспірім пышақ жарақатымен балалар алаңынан табылып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Күдікті қанды қылмыс жасағаннан кейін марқұмның пәтерінде жасырынып отырған. Полиция келген соң 21 жастағы ер адам өз еркімен берілді.