Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қажымқан Мәсімовті «ұйғыр» дейді...": белгілі дәрігер Мәсімовтың ұлтына қатысты өзінің дерегін айтты

16:37, 22 шілде 2024 948

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова Кәрім Мәсімовтың ұйғыр емес, қазақтың екенін, руы найман екенін айтты, - деп хабарлайды Alash.KZ.

Белгілі дәрігердің сөзінше, мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовпен қызметтес болған.

(Кәрім Мәсімовтің - еск.) "Анасымен де, әкесімен де жұмыс істедік. Әкесі - Қажымқан Мәсімов деген кісі. Ол кісі дәрігерлер білімін жетілдіру институтында жүрген кезде маған ұсыныстар жасап, сол кезде бірге жұмыс істедік. Өте сыйлаймын, жатқан жері жайлы болсын. Мәсімов деген медициналық орталық ашқан кезде медицина мәселелері бойынша кеңесші болдым», - дейді ол ADAL Adam арнасына сұхбатында.

Сонымен қатар, Арай Төлемісова құжаттардан Мәсімовтің руы найман екенін өз көзімен көргенін жеткізді.

«Қажымқан Мәсімовті «ұйғыр» дейді, ұйғыр емес. Куәлігін көрдім, «найман» деп жазылған, Ақсудікі. Компьютеріндегі құжаттардың бірін оқып қалдым, «найман» деп жазылып тұрған. Талдықорған Ақсудікі. (Кәрім Мәсімовтің әкесінің - еск.) «Найманмын» деп айтатынын да естідім. Ақсуда мешіт салды. Мешітке барып, ас бергенде де болғанмын. Сол кезде де айтқан», - деді Арай Төлемісова сұхбатта.

Медициа ғылымдарының докторы Төлемісова Мәсімовтің әкесін найман болғаннан кейін «аға» деп сыйлағанын жасырмады.

«Кәрімді емес, әкесі Қажымқан Қасымұлын аға деп санап жүрдім. Анасы Элеонора Кәрімқызымен жақсы қарым-қатынастамын. Қазір 86-ға келді. Дәрілерін сұрап тұрады. Бүгін ғана хабарластым. Дәрілерін көмектесіп алып беріп жүрмін», - деді Арай Мағауияқызы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?