Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қайтыс болған ұшқыштар кінәлі” - 5 жыл бұрынғы Bek Air ұшағының құлауына қатысты тың ақпарат шықты

19:19, 05 қараша 2025 68

Bek Air әуе апатына қатысты сот ісі аяқталды. Сот шешімімен апат кезінде қаза тапқан ұшқыштар Мейіржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаев кінәлі деп танылды, деп жазады Alash.kz.

Олар Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі бойынша (“Адам өліміне әкеп соққан әуе көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу”) айыпты деп табылған.

“Марат Мұратбаев пен Мейіржан Молдақұлов кінәлі деп танылсын. Оларға жаза тағайындалмайды, себебі екеуі де қаза болған”, – деді судья сот үкімін жариялау кезінде.

Сот процесі барысында процессуалдық шығындар – 1,7 млн теңге көлемінде мемлекеттік есебінен өтелетіні белгілі болды. Ал Bek Air компаниясының мүлкіне салынған тыйым азаматтық істер толық қаралып біткенше сақталады.

Жәбірленуші тарап 4,8 млрд теңге көлемінде материалдық өтемақы талап еткен.

Еске салайық, 2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы aпатқа ұшыраған еді. Бортта 98 адам болған, соның ішінде 12 адам қаза тапқан, ондаған адам жараланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар