Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайтып келген қыз жаман деуге болмайды" - Мұхамеджан Тазабек ажырасқан қыздарды кінәламауға шақырды (ВИДЕО)

17:03, 03 қараша 2024 1027

Белгілі айтыскер ақын, дінтанушы Мұхамеджан Тазабек өзінің Instagram парақшасында ажырасу мәселесін көтеріп, "қазіргі заманда қайтып келген қыз жаман деуге болмайды" деп, ажырасқан қыздарды кінәламауға шақырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

"Бұрындары қазақта "Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман" дейтін. Неге ол заманда "қайтып келген қыз жаман" деген сөз айтылады? Себебі, ол кезде ажырасу мүмкін емес жағдай саналатын. Қоғамдық институттар жұмыс істеп тұратын. Әженің бәрі мейірімді, әкенің бәрі қамқор болды. Ананың бәрі сырлас, жеңгенің бәрі жанашыр болатын. Қоғамдық институттар бүтіндей жұмыс істеп тұрған кезде қыз баланың ажырасып келуі мүлдем мүмкін емес нәрсе болатын.

Себебі, о бастан қыз бала тұрмысқа шығатын кезде әкесі, ағасы, атасы бәрі араласып, жігітті таңдайтын. Оған жауапкершілікті жүктейтін. Анасы, жеңгесі, әпкесі бәрі жабылып жүріп, оның талғамына сай жігітті тауып беретін. Сосын оны тәрбиелейтін. Қоғам бүтіндей қыз бақытты болса екен деп тұрған кезде бір қыз ажырасып келсе,  "Ойпырым-ай, қайтып келген қыз жаман. Соншама жағдайдан кейін қалай ажырасты?" деп сол кезде бірақ айтатын.

Ал дәл қазіргі жағдайда бүкіл қоғам болып қызды ажырастырмасқа жанын қоймай жатыр ғой. Бір қыз баланың ажыраспай жүруі деген қазір "чудо" болып қалды ғой. Керемет болып қалды. Барған жерінде бақытты болып, судай сіңіп, тастай батып тұрса, біз "МашаАлла, недеген керемет оқиға" деп таңғалатын болып қалдық. Себебі оның күйеуі абьюзер емес деген сөз. Енесі жайлы деген сөз. Балалары ауырмайды, материалдық жағдайы жетеді деген сөз.

Өкінішке қарай, қоғамдық институттардың бәрі құлдыраған. Қыз бала тұрмысқа шықпаса "Неғып шықпай жатырсың?" деп елдің бәрі табалайды. Шықса, оны жан-жақтан жұлып жейтіндер көп. Қазіргі уақытта қыз бала ажырасып келсе, бұрынғыдай қайтып келген қыз жаман деп айтуға болмайды.

Ешқашан мәселені бір жақты қарауға немесе бір жақты ойлауға болмайды. Бұл видеоның мағынасы "ажыраса беріңдер" деген сөз емес. Қазіргі жастардың ажырасуына өте көп себептер бар, тек қыздар кінәлі емес екендігі жайлы айтылып тұр түсінген адамға", - деді Мұхамеджан Тазабек.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар