Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин билікке туыс-туғанын жиып жатыр: Анна Цивилёва - Ресейдің қорғаныс министрінің орынбасары

17 маусым 2024 428

Анна Цивилёва – Владимир Путиннің немере қарындасы – Ресейдің қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Анна Цивилёва 2023 жылдың сәуірінде "Отан қорғаушылары" "СВО" қатысушыларын қолдау мемлекеттік қорының басшысы болды.

Путиннің немере қарындасының жұбайы Сергей Цивилёв 2024 жылдың мамырына дейін Кемеров облысының басшысы болды, содан кейін Ресейдің энергетика министрі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, қорғаныс министрінің орынбасары болып Михаил Фрадковтың ұлы Павел Фрадков тағайындалды. Михаил Фрадков – Ресей Федерациясының сыртқы барлау қызметінің бұрынғы басшысы және премьер-министрі. Павел Фрадков 2021 жылдан бастап Ресей президентінің істер басқарушысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?