Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин Трамппен сөйлескеннен кейін Тоқаевқа Аляскадағы кездесу туралы айтып берді

17:38, 17 тамыз 2025 353

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп Alash.kz ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы әріптесін АҚШ Президенті Дональд Трамппен Анкориджде өткен кездесу нәтижелерімен құттықтады. Тоқаевтың пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украина жөніндегі ұстанымын америкалық тарап жақсы түсінуіне ықпал етіп, күрделі мәселені шешуде ортақ тіл табуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Президенті Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық позициясын нығайту мен әлемдік аренадағы өзара түсіністікті дамыту тұрғысынан маңызды деп бағалады. Сондай-ақ, сапардың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті, бұл қазіргі күрделі жағдайда үлкен саяси мәнге ие.

Владимир Путин өз тарапынан Аляскадағы келіссөздің кейбір нақты аспектілерімен бөлісті. Әңгімелесу соңында Тоқаев Ресей Президентіне энергетика саласындағы конструктивті ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар