Украина Президенті Владимир Зеленский ағымдағы аптада бейбітшілік жоспарының жаңартылған нұсқасын таныстырды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ұсынылып отырған құжат соғыс қимылдарын қазіргі майдан шебінде тоқтатуды және Ресей тарапының аумақтық талаптарын қабылдамауды көздейді.
Бүгінгі таңда Ресей Федерациясы Украина аумағының шамамен 20 пайызын өз бақылауында ұстап отыр. Жаңа жоспар аясында Кремль алға тартқан үш негізгі талаптан бас тарту қарастырылған. Атап айтқанда, Украина қарулы күштерін Донецк облысынан шығару, Запорожье атом электр станциясын Ресейдің бақылауына беру және Украина аумағына Еуропа елдерінен бітімгершілік күштерін кіргізу туралы шарттар қабылданбайды.
Мемлекет басшысы елдің болашағына қатысты шешімдер тек ішкі ерік-жігерге негізделетінін атап өтті.
Ол өз мәлімдемесінде: «Украина жерінің тағдырын Путин де, Трамп та, мен де шешпеймін. Оны Украина халқы шешеді», — деп мәлімдеді.
Бұл ұстаным Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы халықтық таңдаудың басымдығын айқындайды.