Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин AZAL ұшағының апатын өз мойнына алды ма?

16:47, 11 қазан 2025 145

Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесті, деп жазады Alash.KZ.

Кездесуде алдымен Ақтауда құлаған AZAL ұшағының апаты жайлы сөз қозғады. Qaz365.KZ жазғандай, Ресей президенті трагедия болған күні ресейлік әуе кеңістігін үш украиндық дрон кесіп өткенін және оларды Ресей әскерилері бақылап отырғанын айтты.

«AZAL экипажына Махачкалада қону ұсынылған, алайда олар өздерінің базалық әуежайына қарай ұшуды жалғастыруды шешкен», - деді Путин кездесуде.

Путиннің сөзінше, Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінен ұшырылған екі зымыран AZAL ұшағына тура соқпаған, бірақ бірнеше метр қашықтықта жарылған.

 

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар