Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Процесті қиындатып отыр" - Путин Зеленскийді Мәскеуге неге шақырды?

11:07, 04 қыркүйек 2025 301

Ресей басшысы Путин Украина президенті Зеленскиймен Мәскеуде кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, мұндай келіссөздерді өткізуді одан Дональд Трамп ұсынған. Осыған байланысты Ресей басшысы Зеленскийді Мәскеуге шақырды. 

«Кездесу болуы мүмкін екенін айттым. Ол Мәскеуге келе берсін», - деді Путин Бейжіңде өткен Жеңіс парадынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп соғысты тоқтату үшін Путин мен Зеленский келіссөз үстеліне отыруы қажет екенін атап өткен еді. Алайда Киев Мәскеудің ұсынысын бірден қабылдамады. Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Сибига мәлімдегендей, Зеленскиймен кездесу өткізуге Австрия, Ватикан, Швейцария, Түркия және Парсы шығанағындағы үш мемлекет ниет білдірген.

«Президент Зеленский кез келген уақытта мұндай келіссөзге дайын. Бірақ Путин алдын ала орындалуы мүмкін емес шарттарды ұсынып, процесті қиындатып отыр», - деп жазды Сибига.

Сондай-ақ Ресей басшысы Дональд Трамппен болуы мүмкін кездесу туралы пікір білдірді.

— Мерзімі белгісіз, кездесуге дайындық жүріп жатқан жоқ, бірақ шақыру күшінде, — деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар