Депутат Никита Шаталов желіге жазған жазбасын "бәріміз қазақпыз ғой" деген сөз тіркесінен бастады.
"Мен туралы жазып жатқанның бәріне айтарым: менің болмысым – қазақ. Осы уақыт ішінде мені "ватник", "шетел агенті", "прокремльшіл" деп атады. Бірақ бұлардың ешбірі шындыққа жанаспайды. Біреулер туған жерім ретінде Қазақ КСР-ін әдейі көрсетті дейді. Ал ресейлік БАҚ менің сөздерімді контекстен жұлып алып, бұрмалап, мүлде басқа мағынада жеткізіп жатыр", - дейді депутат.
Депутат тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келгенін, ол кезде Кеңес Одағы болмағанына шүкір айтты. Енді мен үшін Қазақстаннан басқа Отан жоқ, болмайды да, дейді депутат.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Никита Шаталов кулуарда әлеуметтік желіде өзіне қарсы көп жазылған сыни пікірлерге жауап берген болатын.
Никита Шаталов “параграф” сайтында өзінің өмірбаяны қателікпен жазылып кеткеніне (ҚазССР-да туған деп жазылған) өзінің қатысы жоғын айтады. Оны техникалық қателік деп атайды. Ақпарат көзіне хабарласып, қателікті түзетуді өтінген.
Сол қателікті біртүрлі айналдырып, мен көзіммен көрмеген совет одағымен араластырып жіберіпті. Мен оған көп назар аудармаймын. Адамдар ақпаратпен манипуляция жасап, мен жазбаған, айтпаған ақпараттарды таратты. Мен жария тұлға екенімді ескере келе бұған сабырлы түрде қараймын, – дейді ол.