Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кадрлық ауыс-түйіс: Бейбіт Атамқұловтың інісі жаңа қызметке тағайындалды

17:02, 12 қазан 2026

Қазақстанның Сербиядағы бұрынғы елшісі Мәди Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Мәди Атамқұлов Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. 

​​Мәди Бәкірұлы Атамқұлов 1974 жылы 27 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.

Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген. 2003 жылы Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Мемлекеттік емес секторда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылы Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің бірінші хатшысы ретінде дипломатиялық қызметте жұмыс істей бастады. 2006 жылдан бастап Мемлекеттік протокол қызметі бөлімінің бастығы лауазымын атқарып, СІМ Орталық аппаратының осы бөлімшесінің басшысына дейін қызмет етті. 2014-2015 жылдары ҚР Парламенті Сенатының аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан бастап ҚР Президенті Протоколының басшысы болды. 2021 жылғы шілдеде Қазақстанның Сербиядағы елшісі болып тағайындалды. 2026 жылғы 10 шілдеде бұл қызметтен босатылды.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар