Қазақстанның Халық әртісі, танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов қазіргі уақытта денсаулық жағдайына байланысты арнайы оңалту курсынан өтіп жатқанын хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Емдеу шаралары мен реабилитация барысы туралы сыр шерткен өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында осы қиын сәтте жанынан табылған жары Жадыраға ерекше риясыз алғысын білдірді. Өз сөзінде ол ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың Фариза Оңғарсыноваға арнаған отты жыр жолдарын мысалға келтірді.
Денсаулығы мен оңалту кезеңі туралы жазған әнші:
«Реабилитация…
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
Серіппесі үзіліп тұрса-дағы
Жігітінен қазақтың дос таба алмай
Қыз да болсаң, мен саған, мұң шағамын…», – деп жүрекжарды лебізін жеткізді.