Петропавл қаласындағы өндірістік нысандардың бірінде 35 жастағы қызметкер мерт болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Құқық қорғау органдарының алдын ала тараған ақпаратына сүйенсек, азамат өндірістік қондырғының ішіне құлап кетіп, алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қазiргi таңда тәртіп сақшылары еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты себептері мен егжей-тегжейін анықтау үстінде.
Алайда, полиция өкілдері өздерінің ресми мәлімдемесінде қай қайғылы жағдайдың қай кәсіпорында болғанын және нақты қандай құрал-жабдықта орын алғанын жарияламады.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм қамыр илейтін машинаны тазалау барысында абайсызда құрылғының ішіне түсіп кеткен. Бұған қоса, қаза тапқан қызметкердің аталған өндіріс орнында ұзақ жылдар бойы еңбек еткені, яғни арнайы құрал-жабдықтарды қолдануда мол тәжірибесі бар маман болғаны айтылуда. Әзірге бұл бейресми деректер құқық қорғау органдары тарапынан нақтыланған жоқ.