Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер арасында азаматтардың ішкі жеке куәлікпен (ID-картамен) еркін саяхаттауына мүмкіндік беретін арнайы жүйе енгізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевтің мәлімдеуінше, бұл маңызды бастама Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты ұйымға мүше мемлекеттерді толық қамтуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған жеңілдетілген тәртіп жобасы бойынша жан-жақты дайындық және келісу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Айта кету керек, бұл тәжірибе бүгінгі таңда Түркия мен Әзербайжан арасында табысты қолданылып келеді.