Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері боксшы Нұрбек Оралбай елге оралды

10:05, 12 тамыз 2024 600

Қазақстандықтар Парижде өткен Олимпиадада бокстан күміс жүлдеге ие болған Нұрбек Оралбайды күтіп алу үшін Астана әуежайында жиналды, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Нұрбек Оралбайды қарсы алуға жанкүйерлері, туыстары жиналды. 

Олар қарсы алуға Қазақстанның Мемлекеттік туын, боксшының суретін алып шықты.

Жанкүйерлерінің алдында боксшы:

"Өкінішке қарай, 2-орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келіп, қазақ елін қуантып, әнұранды шырқатқым келген еді. Осы жолы бұйырмапты. Келесі Олимпиада ойындарында барымды салып, Алла қаласа, елге абыроймен оралып, қазақ елін, қуантамын деп ойлаймын", - деді боксшы.

Айта кетейік, 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек үшін Париж рингі финалға шығып, күмісті қанжығасына байлаған алғашқы Олимпиада болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар