Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Паранжа киген қыз": Жаһан Отарғалиев кіммен үйленді? (Видео)

11:23, 16 қаңтар 2025 189

Қазақстандық продюсер, актер әрі шоумен Жаһан Отарғалиев желіде сүйінші жаңалығын бөлісті. Актер жаңа қалыңдығымен мешітте неке қию рәсімінен түсірілген видеосын жариялады, деп жазады Alash.KZ.

 

Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, үшінші мәрте шаңырақ көтерді. "Бұл – жаңа өмірдің бастамасы", - деп жазды Жаһан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында.

Қалыңдықтың кім екені әзірге белгісіз. Бейнежазбада Жаһанның жаңа қалыңдығының бет-жүзі бүркелген. Оқырмандар "Жаһан паранжа киген қызбен үйленіпті" деп жазып жатыр. 

Айта кетейік, актер осымен үшінші мәрте үйленіп отыр. Соңғы рет ол 2023 жылдың жазында әнші Балжан Бидашпен ажырасқаны туралы ресми мәлімдеген болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар