Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Пәкістан Қырғызстандағы 180 студентті арнайы ұшақпен алып кетті

11:39, 20 мамыр 2024 516

Пәкістан Қырғызстаннан 180 студентті арнайы ұшақпен тасымалдады. «KA571 арнайы рейсі Қырғызстаннан 180 пәкістандық студенттің алғашқы партиясын әкеліп, Лахор әуежайына аман-есен қонды», - делінген PTV News әлеуметтік желідегі аккаунтында, - деп хабарлайды Alash.kz сайты Arbat.media-ға сілтеп.

PTV News арнасының хабарлауынша, студенттерді әуежайда федералдық ішкі істер министрі қарсы алған.

18 мамырда Бішкекте шетелдіктер қатысқан жаппай төбелес болды. Ол 13 мамырда жатақхана қонақтары арасындағы жанжалдан басталған.

Кейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамчыбек Ташиев Бішкектегі түнгі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оқиға салдарынан 29 адам медициналық көмекке жүгінсе, оның 15-і ел астанасының емдеу мекемелеріне жеткізілген.

Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті Бішкектегі түнгі оқиғадан кейін мәлімдеме жасап, онда ұлтаралық зорлық-зомбылық пен тәртіпсіздік тудыру әрекеттерін қатаң айыптады.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Бішкекте шетелдік азаматтарға қатысты оқиғаға алаңдаушылық білдірді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстаннан Қазақстанға кетуді жоспарлап отырған шетелдік студенттер туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар