Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бүгін шаршы алаңда жартылай финалдық кездесулер өтіп жатыр. Қазақстандық былғары қолғап шебері шаршы алаңда өзбекстандық Шавкатжон Болтоевпен шеберлік байқасты. Тартысты жекпе-жекте отандық спортшы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.
Қуанышты жаңалықпен белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«ӨЗБЕК ЖІГІТІН ЖЕҢДІ! Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында бокс бәсекесі жалғасуда. Бүгін жартылай финалдық кездесулер өтуде. Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шавкатжон Болтоевты жеңіп, Азия ойындарының финалына жолдама алды. Есеп 5:0», — деп жазды журналист.
Төрехан Сабырхан қарсыласын 5:0 есебімен тас-талқан етіп, құрлықтық доданың алтын жүлдесі үшін таласуға мүмкіндік алды.