Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Отанына опасыздық жасаған қытайтанушы түрмеден қалай ерте босатылды?

12:40, 05 сәуір 2024 623

Бірнеше жыл бұрын Отанына опасыздық жасады деген айыппен 10 жылға сотталған белгілі қытайтанушы Константин Сыроежкин бостандыққа шықты.

Сыроежкиннің бостандыққа шыққанын саясаттанушы Марат Шибұтов жариялады.

"Константин Львович Сыроежкин бостандыққа шықты. 5 жыл жазасын өтеді", - деп жазды ол.

Сыроежкиннің сотталғаны туралы ақпарат 2019 жылы алдымен әлеуметтік желіде жарияланып, артынша бұл ақпартты Алматы қалалық соты растаған болатын.

"Ақпанда қытайтанушы, Қытайды жете білетін маман Константин Сыроежкин қамауға алынған еді. Оған "Отанына опасыздық жасады" деген айып тағылды. Сот процесі жабық өтті. Сыроежкинді 10 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын арнайы қатаң режимдегі абақтыда өткізу, одан соң азаматтығынан айыру жазасы кесілгені белгілі болды", - деп жазды сол кезде қоғам белсендісі Ғалым Ақелеуов.

Оның айтуынша, Сыроежкин кінәсін мойындамаған және апелляциялық шағым беруден бас тартқан. Саясаттанушы Андрей Чеботарев те қытайтанушының қамалғанына өкініш білдірді.

Кейінірек бұл жайтқа қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті де мәлімдеме жасады.

"2019 жылы 7 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1956 жылы туылған ҚР азаматы Константин Львович Сыроежкинді ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, яғни "Отанға опасыздық жасау" бойынша кінәлі деп тауып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.

Сот үкімі шыққан кезде Сыроежкин бостандыққа шыққаннан кейін Қазақстаннан қуылып, бес жылға дейін елге оралуына тыйым салынатыны туралы да ақпарат тараған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 315