"Қайрат" пен "Селтик" арасындағы матчтың жұлдызына айналған Темірлан Анарбеков желідегі парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялады, деп жазады Alash.KZ.
Футбол жұлдызы "Бүкіл Қазақстанға және әр жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін рақмет! Бұл жетістік — бәріміздің ортақ жеңісіміз! Бірге біз мықтымыз!" деп жариялады парақшасында.
Жас жұлдыз бірден көп қыздың жүрегін жаулап алғаны желідегі жазбалардан анық көрінеді. Бұл туралы ozgeris.info сайты да жазды.
24 сағаттың ішінде 100 мыңнан аса жазылушы жинап алған атыраулық футболшы туралы желіде түрлі жазба тарады. Осы тұста өзін Анарбековтің сүйіктісімін деп таныстырған бейтаныс бойжеткен Threads-ті шулатты.
"Темілан Анарбековтің басы бос емес. Қыздар, оған тиіспейміз. Әйелді әйел түсінеді деп ойлаймын. Жаным, сондай қуаныштымын. Сенімен мақтанамын, жаным", деп жазды ол.
Желі қолданушыларының бір бөлігі сенбейтіндерін жазса, енді бірі екі жасқа бақыт тіледі.
Жас ойыншы – Темірлан Анарбековтің кеше ғана Instagram парақшасында небәрі 2 мыңнан аса оқырман болса, қазір оған жазылушылардың саны жүз мыңнан асқан. Оқырмандары сағат санап өсіп жатыр.